Қырғызстандағы оқиғалар қарқынына көз ілеспейді. Үкімет толықтай отставкаға кетіп, елде төтенше жағдай жарияланды. Ал Жээнбеков Қырғызстан республикасының президенті қызметінен кетуге дайын екенін айтты. Көп адам ондағы жағдайды тәртіпсіздік, провокаторлардың ісі деп бағалап жатқанын көрдік, себебі оларға жағдайдың теріс жағын ғана көрсету ыңғайлы. Еріктілердің митингіге қатысушыларға тамақ таратып, медициналық көмек көрсетіп, халықтың бір адамдай біріккен күшін көрсетудің орнына, “Қырғызстандағыдай қырғын болғанын қалайсың ба?” деген желеумен оқиғаның өздеріне “ыңғайлы” тұстарын, қираған бейнені көрсетіп отыр. Бүгінгі шығарылымда Қырғызстандағы жағдай туралы соңғы жаңалықтармен бөлісеміз. Одан бөлек Цойдың эпидемиологиялық жағдайды болжап, айтқан үш сценарийі туралы сөз қозғайтын боламыз. Айтқан екі сценарийіне сүйеніп, локдаун, яғни елдің толық карантинге жабылуы желтоқсан-қаңтар айында болуы мүмкін деп топшылаймыз.
upd Қырғызстан депутаттары Жапаровты премьер-министр қызметін орындаушы етіп тағайындады