Елдегі ахуал: 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты

#КТКжаңалықтары Елімізде 100 жастағы әжей коронавирусты жеңіп шықты. Полина Силина – Ақмола облысындағы атышулы «Шапағат» әлеуметтік көмек көрсету орталығының тұрғыны. Нағыз ауру ошағына айналған қарттар үйінде бірнеше адам Covid-19 вирусын жұқтырып, ол карантинге жабылған болатын. Ғасыр жасаған қария да кеселді сол жерде жұқтырған. Жалпы, ел бойынша ауру анықталғандар саны 3100-ден асты. Оның әлі де өсетіні анық. Еліміздің Бас санитар дәрігерінің өзі мамыр айында сырқаттар саны 5300-ден асады деп болжап отыр. #коронавирусҚазақстан #төтеншежағдай #қазақстандықтар #тұрғындар #COVID19 #coronavirus #науқастар
Back to Top