Алмас Бағдатов “Ұмытылған мұң “

“Сен жайлы...“ Қош дегенің батып еді жүрекке шын, Сағынамын өлеңмен жыр еткесін. Уақыт емес емдеген мына мені, Айтайыншы жүректің мұң өкпесін. Қазір күнім тек барсың жырларымда, Ешкімге айтылмаған сырларымда Сол кездері мен сені сүйетінмін, Батырдың мені еркем балдай мұңға. Қазір кімсің,қай жанның қасындасың, Сағынамын кей кезде расында шын. Сағым болып бұлдырап кете бардың, Неге сен шын бейнеңді жасырғансың. Уақыт емші деді кейбір адамдар, Қателеспей көзді ашып қараңдар. Уақыт емес нəзік сезім емдейді, Мені емдейтін жаны таза адам бар. Жанды жазар қылығымен ол тəтті, Күлкісімен көңілімді жұмсатты. Ал сен болсаң өркөкірек болдың ба, Суықсың ғой мінезің де тым қатты. Бірақ мен көзім жетті мынаны ұқтым, Босқа сеніп сөзіңе қуаныппын. Алтыннан бағалы бұл уақытымды, Сезімі арзан қызға бола құрттым. Өкінемін сені сүйген өткеніме, Лас сезімнің жетегінде кеткеніме. Тек сен жайлы бір іске өкінбеймін, Өкінбеймін өмірімнен кеткеніңе....
Back to Top