НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен белгіленген Еріктілер жылы қорытындыланды. Оқу орнындағы волонтерларды қолдау және қоғамға қызмет ету жобасын қолдау мақсатында өңірдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Ұстаз волонтер“ клубы құрылды. Бір жыл ішінде мектеп мұғалімдері мен оқушылар, ата-аналар мен білім беру ұйымының серіктестері ондаған әлеуметтік акцияларға қатысты. Олардың арасында: “Ұрпақтар сабақтастығы“, “Үш ізгі іс“, “Тазалық сағаты“ мен мектеп ауласын абаттандыру шаралары бар. Жасұрпақтың бойында ізгілік пен Отансүйгіштікті қалыптастыруға бағытталған волонтерлық қозғалыс әлі де жалғасын таппақ. Еріктілер жылы Зияткерлік мектепте қалай өтті және мектеп қауымдастығының алған әсері қандай? Ол туралы толығырақ келесі бейнебаянда.
Back to Top