Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7,6% өсім көрсетті

Алматы облысында 9 айда 712,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 7,6% өсім көрсетті (жылдық жоспар - 938,8 мың шаршы м.). Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында 2020 жылдың 9 айындағы облыстың дамуы туралы есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты. Есеп барысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен Алматы облысында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылым құрылыстарына 39,8 млрд. теңге бөлінгені айтылды. Барлығы 1630 пәтерлік 532 тұрғын үй салынып жатыр, бүгінгі күнге соның 640 пәтерлік 32 үйі Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Іле, Қарасай, Жамбыл, Талғар және Қаратал аудандарында берілді. Одан бөлек жекеменшік құрылыс жүргізушілер Талдықорған, Қапшағай қалалары мен Іле, Қарасай, Жамбыл, Көксу аудандарында 1 163 пәтерлі 34 үй (77,3 мың шаршы м.) салып жатыр.
Back to Top