ТАҢҒАЖАЙЫП МЕКЕН
Бұл қай қала екенін білесіз бе?
1. Бұл жер Африкадан кейін әлемде хром кенінің қоры бойынша екінші орын алады.
2. Осы облыстың аумағында 6 қала, 3 кент бар.
3. Оның ауданы Белоруссия елінен де асып түседі екен.
4. Бұл - Әлия Молдағұлова сынды жаужүрек батырды сыйлаған жер.
5. Солтүстігі Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі.
6. Айтпақшы, Қазақстандағы алғашқы планетарий ашылған жер.
7. Мұнда қарама-қарсы орналасқан мұсылман мешіті мен православтық шіркеуді кездестіруге болады. 8. Қазақстан Премьер-лигасында 5 мәрте жеңімпаз атанған футбол құрамасы да баршылық.
9. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, Шығанақ Берсиев кезінде ұзақ жылдар бойы тарыдан мол өнім жинап, рекорд орнатқан елді-мекен. Ал, есіңізге түсті ме?
Толығырақ «ҚОНАҚЖАЙ ҚАЗАҚСТАН» бағдарламасынан көріңіз.