Алға Қазақстан

Алға, Қазақстан! 2018 жылдың 9 ақпаны күні №8 орта мектептің мұз айдынында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ-ші Қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін Қазақстан спортшыларын қолдау мақсатында, Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен танымал спортшылардың қатысуымен мектеп оқушылары арасында «Алға, Қазақстан!» атты тақырыпта хоккейден жолдастық кездесу өтті. Шараның ашылу салтанатында спорттағы мақтаныштарымыз 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, каратэден Әлем және Азия Чемпионы Мерей Сүйінов жас спортшыларға ізгі тілектерін білдіріп, қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына жанкүйер болуға шақырды. Поддержим сборную Казахстана на ХХІІІ Зимних Олимпийских играх в городе Пхенчхан.
Back to Top