“Жан жылуы“ қайырымдылық кеш

Биыл, “Ембімұнайгаз“ акционерлік қоғамы үшін мерей той. 1922 жылы құрылған «Ембімұнай» тресі негізінде жұмысын жалғастырып келе жатқан Компанияға 95 жыл толып отыр. «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы - еліміз бен Атырау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып келе жатқан отандық мұнай өндіруші компаниялардың көш басында тұр. Ембілік мұнайшылар «қара алтын» өндірумен қатар, мұнайлы өңірдің инфрақұрылымының дамуына үлес қосып, қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырып келеді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, мүмкіншілігі шектеулі жандар мен ардагерлер Компания тарапынан үнемі қамқорлыққа ие. Дәстүрге айналған игі шараның жалғасы ретінде бүгін балаларға арналып “Жан жылуы“ қайырымдылық шарасы өтті.
Back to Top