Донер мен самса дайындайтын жеріңіздің тазалығына мемлекет жауапты емес бұдан-былай. Ал керек болса!

Елімізде енді шағын дәмханалар, сұлулық салондары мен моншалардың тазалығы тұрғындардың арыз-шағымынсыз тексерілмейді. Денсаулық сақтау министрлігі бизнеске көрсетілетін қысымды азайту мақсатында осындай амалға барып отыр. Былтыр 200-ге жуық шағын кәсіпорын негізсіз тексерістерге шыдамай жабылып қалған екен. Оларға салынған айыппұл көлемі 550 млн теңге болған. Осылайша шағын бизнес нысандарындағы тазалық үшін жауапкершілік санитария мамандарына емес, тұтынушылардың өздеріне жүктемек. Айдана Үсенбай кәсіпкерлерге қойылатын жаңа талаптар жөнінде.
Back to Top