Ботагз

Рөлдерде: Гүлфайрус Исмаилова, Ыдрыс Ноғайбаев, Василий Макаров, Ерлік Дауылбаев, Нина Гребешкова, Қасымхан Шанин, Радий Афанасьев, Қанабек Байсеитов, Павел Кайров, Мүлік Сартыбаев Жазушы Сәбит Мұқановтың романының негізінде түсірілген фильм. Фильм желісі 1913—1917 жж. аралығында болған оқиғаларды қамтиды. Фильмдегі басты кейіпкер Ботагөздің тарихи кезеңнің талай қиын- қыстау кезеңдерінен өтіп, саналы күрескер, білікті қайраткер болып қалыптасуы нанымды бейнеленген. Фильмде қазақ халқының ұлттық сипаттары: дәстүрі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, қоғамдық, саяси іске араласуы және оны ұғуы, ғылым-білімге, болашаққа ұмтылуы, революцияны түсінуі және оның сонынан адал сенген пейілмен еруі, осы жолда асқан ерлік, батырлық мінездер көрсетуі романда большевиктер партиясы қойған талап тұрғысында көрсетіледі.
Back to Top