“Морячка“ на казахском (кавер-перевод) Тогжан Муратова

#Газманов #Морячка “Морячка“ на казахском (кавер-перевод) Тогжан Муратова текст песни: 1. Мен - тұңғиық кештегі Сен - толқын теңіздегі Біздер екі ғашықпыз Екі жұлдыз көктегі Шақырады біреуі шығыс жаққа үнемі Екіншісі тартады күйбелеңге үйдегі Жүре бермей теңізде Қайт тезірек үйіңе Күннің батып, атқанын Көрейікші кел бірге Таңның атқан төрінде Көкжиекті көргенде Толқып сенің жүрегің кеттің тағы сен неге? Припев: Сен балықшы Мен балық Қармағыңа қадалып Жағада да, теңізде де Жүрмін басым айналып Сен теңізші мен теңіз Екі жақта екеуміз Жағада да, теңізде де Кездесе алмай жүреміз 2. Торға түскен аққудай қалдым қанат қаға алмай Бір көргеннен өзіңе ғашық болдым аңдамай Саған жылы қараймын Бақытыма балаймын Мені ыстық сезіммен Сүйгеніңді қалаймын 3. Айтқан сөзім текке емес Не жерде не көкте емес Екі жақта жүргенше Қосылатын келді кез Келе алмасаң сен келме Мен барамын өзіңе Жүзіп өтем теңізді Мініп алып кемеме
Back to Top