рметті йтекебиліктер! Instagram леуметтік желісінде балаларды ыын орау бойынша аккаунт ашылды.Аталан леуметтік же

Құрметті әйтекебиліктер! Instagram әлеуметтік желісінде балалардың құқығын қорғау бойынша аккаунт ашылды. Аталған әлеуметтік желідегі @balalardy_qorgau_aitekebi парақшасында әр түрлі сұрақтарға жауап алуға болады. Мысалы: Қалай бала асырап алуға болады? Ажырасып кеткен ата-аналардың бірі баламен кездесуге рұқсат бермесе не істеу керек? Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы қылмыстарға жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдау қажет? Аккаунттың администраторлары пайдалы ақпараттармен және шұғыл телефон желісінің нөмірлерімен бөлісіп отырады. Сондай-ақ, мұнда балалардың әлеуметтік және отбасылық проблемаларға көзқарасын көрсететін бейнероликтер жарияланады. Балалардың құқығы бұзылған жағдайда осы аккаунттан бөлек “Әйтеке би аудандық білім бөлімі“ ММ қамқоршылық пен қорғаншылық органының нөміріне де хабарласуға болады: 22-5-34 Баршаңызды парақшаға тіркелуге шақырамыз! Парақшаға тіркелу үшін @balalardy_qorgau_aitekebi батырмасына өтіңіз. #aitekebizashitimdetei #балалардықорғау #әйтекебибалаларымыздыбіргеқор
Back to Top