Ккек ана, жауыз же... Бейкн періште... Азан оам...

Азған қоғам... Ұлттың көрін өз өкілі қазған қоғам. Анасы шаранасын керек қылмай, Өгей әже өз үкімін жазған қоғам. Қозған қоғам... Мансаппенен бір-бірінен озған қоғам. Масқарасын ар-ұятпен шатастырып, Нәрестесін лақтыра салған қоғам. Тозған қоғам... Ақымағым “ақылдымын“ болған қоғам. Шын ақылды жан-жақты сараласа, Ақымақтар есі-ауысып солған қоғам. Неткен қоғам? Азғындап, тоз-тоз болып біткен қоғам. Азынасып, маңырап малдан бетер, Адамдары бет-бетімен кеткен қоғам. Тәртіпке бағынғандар құл болмайды, Ар-намысы бойлаған күң болмайды. Ұлттық тәрбие жоқ жерде ешқашанда, Ашық аспан, арайлы күн болмайды...
Back to Top