МЕЗГІЛСІЗ ҚАЙТЫС БОЛҒАН БАЛТАШ АҒАНЫ МӘҢГІЛІК САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ. /16.0

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ! Мемлекет және Қоғам қайраткері, саясаткер, көп жылдан бері қазаққа еңбек сіңірген бір туар тұлға Балташ ағамыз дүниеден озды. Қаралы хабарды 14 тамыз күні Шымкенттен Алматыға келе жатқанда пойызда естідік. Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаев - 24 қазан айында 1946 жылы туған, Омбы облысы Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Қаралы хабар естір алдында екі күн бұрын ғана, яғни 12 тамызда Балташ аға ең соңғы сұқбатын ““ ютуб арнасына берген еді. Сол сұқбатты жақын арада толығымен осы арнадан жариялайтын боламыз. Марқұм Балташ ағаның артында қалған ұрпақтарына ғұмыр берсін. Жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!
Back to Top