ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ

✅Бүгінгі күні қаланың 98 кәсіпорны мен ұйымына 1226 жұмысшы қажет. 🔹Кәсіпорындар, ұйымдар және олардың бос жұмыс орындары туралы ұсыныстарын өтініш берушілерге хабарлау мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өткізілуде. Жәрмеңкеге қатысу үшін қаланың 20 кәсіпорны 441 бос жұмыс орнын жариялады. Айталық, өндіріс және өнеркәсіп саласында -301 адам қажет, құрылыс саласында - 73, білім саласында- 11 және қызмет көрсету саласында -56 бос жұмыс орны. 🔹Бос орындар жәрмеңкесіне қоңырау шалу немесе СМС - хабарлау арқылы 547 жұмыс іздеп жүрген адам шақырылды. Олардың ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған, мүмкіндігі шектеулі адамдар және атаулы көмек алушылар бар. 🔹Енді жәрмеңкелер дәстүрлі түрде ғана емес, жұмыс берушілердің қатысуымен тікелей эфирлер арқылы да өткізілетін болады. Солай 26 сәуір күні Instagram-дағы бос орындар жәрмеңкесі парақшасында “Петропавл жылу желілері“ ЖШС, “Петропавл электр техникалық зауыты“ ЖШС және “Солтүстік Қазақстан Электржелі тарату Компаниясы“АҚ қатысуымен жәрмеңке өткізілген б
Back to Top