Туған күніңмен алтыным!

Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір тамашалап көрсең, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсын. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды – оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді – олардың жұлдызы біресе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын жұлдыздар болады. Мұндай жұлдыздардың иелері айналасына жылу мен шапағат нұрын төгіп тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай бер!
Back to Top