Video by Almat Almukhanov

“Жас қалам“ Кездессем, нұрлана қараймын,  Асаудай тулайды жас жүрек.  Мен сені жаныма балаймын,  Сен үшін менде бар бір тілек.  Сені артық көремін басқадан,  Сүйем деп айтуға жасқанам.  Жеткізе алар ма жүректің,  Жан сырын, жас сырын жас қалам  Есімде алғашқы сауық кеш,  Ләззаттың тағдырын өзің шеш.   Ләйліден айрылған Мәжнүндей,  Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.  Әлде бір бар шығар сүйгенің,  Тәкаппар менсінбей жүргенің.  Оны – зор, мені – қор санасаң,  Мейрімсіз соққаны жүректің.  Қорабай Есенов
Back to Top