Раушан ойшыбаева Паралимпиада ойындарында кміс жлдені анжыасына байлады

Қазақстандық пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Қойшыбаева «күмісті» 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі. Оның нәтижесі - 113 келі. Алтын медаль әлемдік рекорд орнатқан қытайлық Тан Юяоға бұйырды (135 келі), қоланы мысырлық Махмуд Амал (108 келі) олжалады. Айта кетейік, бұл Қазақстанның Паралимпиададағы екінші медалі: «алтынды» 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алған еді. Қазақстан медаль жиынтығы жөнінен 35-інші орында.
Back to Top