Мағжан

Жыл: 2013 Ел: Қазақстан Жанры: тарихи, өмірбаян, драма Режиссер: Марат Қоңыров Рөлдерде: Едіге Әбдірахманов, Мейіржан Бейсембеков, Дархан Қалиев, Дулыға Ақмолда. Ұлы адамдардың өмірі әр заман тарих қойнауында үлкен бір бет болып қалады. Заман өзгергенмен тарих өзгермейді, керісінше уақыт өткен сайын өзінің құндылығын арттыра түседі. Тарихтың құндылығы артқан соң, сол тарихты жасаған, сол тарихта ойып тұрып орын алып, өшпестей ізін қалдырған ұлылар ешқашан тарих бетінен өшпейді. Сондай тарих бетінен ешбір заман өшпес жандардың бірі Қазақтың маңдайына біткен ақиық ақын Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев. Бұл фильмде алша алыбының өмір- тарихына, оның қилы-қилы жолдардан сүрінбей өтіп, өзіне тән ерекшілігімен, еркіндігімен, ешкімге бас имеген азатсүйгіштігімен, елінің болашағына сеніп кеткен арманшылдығымен есте қалған өмірі баяндалады. Алашордашыл болғандығы үшінде кеңес үкіметі жендеттерінің қолынан қаза тапқанға дейінгі өмірі бұл фильмде боямасыз орын тапқан.
Back to Top