Заманауи ұстаздың портреті қандай болуы керек? Сарапшының пікірі

Бүгін, 1 қазанда сағат -де I-BALAQAI YouTube-каналынан көре аласыздар. i-balaqai жобасының эфирінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай заманауи ұстаз қандай болу керегін түсіндіреді. Шәкәрім Сейсенбай - еліміздегі ең жас мектеп директоры. Сондай-ақ ол білім беру саласының магистрі, “100 жаңа есім“ жобасының жеңімпазы. Жүргізуші - Майра Төлепберген. Видео-сұхбатты I-BALAQAI YouTube-арнасынан, -тің “ВКонтакте“ және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алған. Ақпараттық серіктес - “ВКонтакте“ әлеуметтік желісі.
Back to Top