Індет жағадан алғанда, жемқорлар қалтаны қалыңдатты

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады. Осынау бір халық нақылын апта соңын ала жемқорлыққа қарсы іс қимыл әрекет жөніндегі агенттік еске түсірді. Антикорды басқаратын Алик Ішпекбаев дөң дөң мәлімдемелер жасап біраз жайдан хабар берді. Алматыда коронавирусқа қарсы 15 күнде жылдам түрде салынған модульдік аурухананың ақшасын жылдам түрде жеп қойыпты. Құзырлы орын енді Шымкенттегі сондай мекемені тексермек. Екеуінің құрылысына 5 жарым млрд тг жұмсалғанын ескерсек, біраз бас кететін сияқты. Әдетте мемлекеттік қызметкерлер байыппен ресми баяндайтын, бірақ індет келіп, мыңдаған өліп жатқанда миллиардтаған ақшаны жеп қойғандардың әрекеті шенділердің де шымбайына батса керек. Алик мырза әдеттен жырақ сөйлеп, жегіштерді құдайдан қорықпаған, отанын сатқан опасыздар деп қаралады. Айта кету керек, жемқорлықпен күресте ахуалды саралауға сараңдық танытып, басын құмға тыққан #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top