Venues are ready - 28th Winter Universiade, Almaty, Kazakhstan - FISU 2016

Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17-28 жастағы аспиранттар, студенттер және Универсиада алдында бітіретін түлектер жіберіледі. Қазақстан Унивесиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды. 2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.
Back to Top