,

Бару үшін Жасыбайдан Баянға, Таяқ ал да, жолға шығып аяңда. Батырлардың бұлағынан су ішіп, Бабалардың бейітіне аялда! Табиғаттың бір перзенті, тау сәні, Басып кетпе балапан жас аршаны. Жатады ол жасыл шашы жалбырап, Жалпақ тасты қаусыра ұстап саусағы. Тас бойлаған тамырына сүйсіне, Ішпей-жемей мас боласың иісіне. Көкірегіңе көктің нұры құйылып, Дала саған еміренеді иісіне. Тағы аяңда, жақын қала аңғары, Айналдыра қоршаған құз таулары. Сіріңкенің қорабындай шашырап Жатады алда Баянауыл ауданы.
Back to Top