Жаңалықтар

Бүгін сағат 20:30-да! Павлодар облысында тағы бір елді мекен тасқыннан зардап шегіп жатыр. Еріген қар суы Ақтоғай ауданындағы Шұға ауылының тұрғындарын әбігерге салуда. Ақтөбедегі тасқынды тоқтату үшін құтқарушыларға жаңа салынған көпірді бұзуға тура келді. Соның салдарынан көлік қатынасы үзіліп қалды. Қалаға қосылам деп құжатсыз қалған ауыл. 2015 жылы Шымкентке қосылған Тоғыс жұртының екі жылдан бері жылжымайтын мүлігін растайтын қағазы жоқ. Төлеби ауданының құрамында болып, Шымкентті мегаполиске айналдыру үшін маңындағы ауылдарды қосқан кезде билік жұрттың үй мен жерінің құжатын ауыстыруды ұмытып кеткен. #КТК #КТКжаңалықтары #Павлодар #Тасқын #Ақтоғай #Ақтөбе #Оқиға #Шымкент #Топансу #Әкімдік #Халықнаразылығы
Back to Top