Ер адам сатушыны қорқытып, 7 млн теңгенің алтынын ұрлады

Түркістан облысындағы сауда орталығына тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасалды. Қаруланған ер адам сатушыны қорқытып, алтын бұйымдарды алып ізін суытқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру шараларына кіріскен тәртіп сақшылары күдіктіні Кентау қаласында көшеде қолға түсірген. Ол еш жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір қамауда отыр. Жәбірленуші алтын бұйымдарын қайтарып берген полицейлерге алғысын білдірді. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top