Тамыздан бастап Жамбыл облысының есірткіге қарсы күрес полицейлері тақым қыса бастайды. Қыркүйек бойы аттан түспейді десек болады. Шудағы конопля алқабын қорушылар көбейеді. Халықаралық ғылыми терминде Каннабис аталған шөпті, біздің қазақ анаша немесе наша дейді. Ел арасында шайтан шөп деген атауын да кезіктіріп жатамыз. Дәл қазір конопляның сөлі бетіне шығып бабына келеді. Ол майды алып кәдімгі май шайқағандай илеп, құйма пішінге келтіріп сатады. Бармақтай бір кубигі 7 мың теңгенің айналасында дейді білетіндер. Оның сыртында коноплядан марихуана алынады. Оның бір қорабы да арзан тұрмайды. Ал салдарын білеміз. Елімізде Марихуана психотропты есірткі затына жатқызылып оған заңмен тиым салынған. Сатқанға да, шеккенге де жауапкершілік бар.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан