1

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы алу үшін не істеу керек. Алматыда Pfizer екпесін ақылы түрде салдыруға өтінім қабылдау басталды. Бүгінде қалада оқушылар мен аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерді вакциналау қарқынды жүзеге асуда. Екпенің бірінші компонентін алғандар саны 17 мыңға жетті. Енді америкалық вакцинаны кез келген адам ақылы түрде ала алады. Бірақ қазірдің өзінде Алматыда дайындық қызу жүруде. Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының мәлімдеуінше шетелдік екпемен иммундау қалалық №5, 7 емханалар мен №5 клиникалық ауруханасында өтеді деп жоспарланып отыр.
Back to Top