Біздің еліміз коронавирус індетінің таралуы бойынша қиын кезеңді артта қалдырды. Жағымды жаңалықты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жеткізді. Ал бас қалада коронавирус ең ауыр формада өткен науқастарға арнайы ашылған провизорлық орталықта бірде-бір науқас қалмады. Енді бір жарым айдан бері жақындарын көрмеген дәрігерлер екі апталық карантиннен соң үйлеріне оралады. Республика бойынша да эпид ахуал тұрақталып келеді. Десе де, жауапты министрлік жұқпалы індеттің күзде күтілетін екінші толқынына дайындықты бастапты. Ведомствоның ресми өкілі аймақтарға жалпы саны 1 млн пациентке жететін дәрі-дәрмек қорын жеткіздік деп сендірді.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!