Aktau Open Fest 2016 фестивалінің ашылу салтанаты Ақтау қаласының теңіз жағалауында өтті

Фестивалді ресми түрде Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев ашты. Өңір басшысы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын, фестиваль қатысушыларын музыка және спорт мерекесімен құттықтады. Биылғы “AktauOpenFest 2016“ Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналады деп атап өтті Алик Айдарбаев. Осы жылы облыстық әкімдік фестиваль ұйымдастырушыларының бірі болып табылды. Сондай-ақ, әкімдік ауқымды спорттық шаралардың жыл сайын өткізілуіне белсенді қолдау білдіріп келеді.
Back to Top