8 банкке айыппұл салынды

Еліміздегі сегіз банкке 47,6 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ақпарат порталы хабарлады. Қаржылық ұйымдар көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нормаларды сақтамаған. Олар негізінен ақша аударымдары бойынша нұсқаулықтарды орындау мерзімдерін бұзған. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпаратты құжаттық тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде заң бұзған. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top