07’2022 Kaspi Жұма қорытындысы бұл жолы да күткенімізден асып түсті

21 шілде күні КТК телеарнасында 2022 жылғы 15 - 17 шілде аралығында өткен бүкілхалықтық сатып алу мерекесі – Kaspi Жұманың қорытындысы туралы сюжет шықты. Бұл Kaspi Жұма өте ауқымды болды. Оған бүкіл еліміздегі 70 мың дүкен қатысты. Үш күндік мерекеде қазақстандықтар бір миллионнан астам сан алуан тауар сатып алды. Kaspi Жұма – экономикадағы отандық құбылыс, ол адамдарға өз өміріне жайлы жағдай жасауға, ал электрондық коммерцияға табысты өркендеуге көмектеседі. Сатып алушылар үшін бұл – қуанышқа толы сезім, жақындарыңа сыйлық жасау, арманның орындалуы немесе жоспардың іске асуы. Сатушылар үшін – үлкен жұмыс және жаппай сатылым.
Back to Top