3 жасар баланы өгей әкесі аяусыз ұрған

Алматыда 3 жасар баланы өгей әкесі аяусыз соққыға жыққан. “Бүлдіршін қазір №1 ауруханада жатыр. Екі қабырғасы сынған“, деген хабарлама әлеуметтік желіде пайда болды. Автордың айтуынша, ұлының суреттерін анасы туған әкесіне жіберген екен. Бұны көрген азамат полицияға шағымдану қажеттігін айтқан кезде, келіншек баласымен бірге қашып кеткен. Полиция қызметкерлері ана мен баланы тауып, анықтады. Бірақ та нәзік жан сөйлесуге құлықсыз болды. Қазір кішкентай бүлдіршін ауруханада, оған бас миының шайқалуы диагнозы қойылуда. Ал, баланы ұрып-соқты деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top