Ан-2 апаты: Оқиға куәгерлері тірі қалған ұшқыштарды қалай құтқарғандарын айтты

#КТКжаңалықтары Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жерде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Егіс алқабына тыңайтқыш себуге көкке көтерілген әуе техникасы бірнеше минуттан соң жерге құлап, борт командирі қаза тапты. Екінші ұшқыш пен техник қазір өлім аузында ауруханада жатыр. Ал көлік прокуратурасы «ұшу қауіпсіздігін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.  #ұшақ #Ан2 #апат #Ақмолаоблысы
Back to Top