🐇 Қызықты хикаялар . Татар келін 4 - бөлім . Гаухар Пердеқұлқызы .
Ғани Бейсен .
Татар келін .
4 - бөлім .
Бұл екеуміздін әңгімеміз қыза түсті . Бір қарағанда , тұйық мінезді жігіт көрінгенімен , сөйлесе келе Саконтай сұхбаттасым ашыла берді . Мұндай оқиғаның соңы кімге болса да қызық , соңы не болар екен деп тыңдап отырып :
- Иә Саке , бұл өмірде небір сұмдықтар болмайды десеңші , бірақ мына оқиғаны аяғына дейін айтып берсең , -деп сұрадым . Сонда , қолына дүрбісін алып айналаға көз жүгірткен жігіт , қайта кеп отыра кетті . Бірақ қайдан болса да , көңілсіздік басып үнсіз отырды . Мен онан әрі қолқа салдым.
- Сонымен , Сәке көлікпен келген кім болды екен , сенен басқаны тапқан ба дегенімде :
- Жоғә бауырым , -деген Сако досым ақтала бастады .
Сонымен дейді , екеуін аңдып біраз тұрдым . Күздің соңы ғой мектептен келемін дегенше , күн көлеңке тартып қараңғы болатын . Оның үстіне , ызылдаған суық желің тағы бар . Бүкшеңдей бұғып біраз отырдым . Әлгі еркекті бір қап ұнды түсіріп , құрғақ жерге қойып , өзі көлігін от алдырғанда ғана анық таныдым . Білетін шығарсың , бұрындары ауылдарда ауылсовет деген болатын . Мына кісі біздің ауылсовет еді . Жас шамасы елуді еңсерген , түр тұлғасы келіскен ұзын бойлы еркек еді . Қою шашын қайырып , қыз қырқынға көз салатыны бар дейтін .
Сол атың құрмағырдың аты Оралхан еді . Сонда менің қызғаныш деген қызыл итім ішімді тырнап үре бастады . Сөйтіп , ауладан артқа берген көлігі жолға жеткенше , мен зып беріп жеңешеме жеттім . Әй шәй жоқ , шашынан ұстап үйге сүйреп кіргіздім .
- Мына кісі неғып жүр , жаныңның барында айт ! , - деп ақырдым .
- Ойбай , шашымды жіберші , сонан соң айтамын , - дейді жеңешем . Оған :
- Айтасың ба жоқ па ? деп кеңірдегінен ала түстім . Ол енді жалына бастады .
- Ұрмашы мені , өтініш . Үйдің нанын сағындым . Қашанғы сенің үйіңнен жей берейін ? Бүгін бір қап ұн алғаным бар , жеткізіп тастайын қарындас деді , мақұл дедім . Үлкен кісі ғой әкем қатарлы , Сакош шашымды жіберші , -дейді .
Сөзден мен қалам ба сірә ?
- Ойбой , братишкаң қатарлымен де жүрсің ғой , әкең қатарлы не тұрады саған ? , -деп шап еттім .
Мұның соңы белгілі еді . Ұр , теп шаштан тарт , шапалақ , сарт - сұрт болды . Бұл жер бауырлап жатып еңіреп берді . Енді қайтып сол кісінің көлігіне отырсам , өлтіре сал мені деп уәде берейін дейді . Сонда ғана жырмақ жыным басылды . Бірақ , әдемі жеңешемнің әлгі еркектің құшағында тулап жатқаны , көз алдымнан біразға дейін кетпей жүрді .
Қысқасы , сол күні түксіз қалғанымды сездім . Өйткені мынандай таяқтан соң қалай құшақтап сүйем оны , жатқан жерінен тұрмай қойды . Мен сонда ұнжырғам түсіп үйге келдім . Әшейінде күлімдеп шығатын мамамның қабағы , бүгін өте қатулы көрінді .
- Шәй тамағың пісіп қалды . Беті қолыңды жуып кеп отыр . Екеуміз сөйлеспесек болмайды , балам дейді .
Иман зәрем тас төбеме шығып қорқып кеттім . Басымда мамам не айтпақшы деген мың сұрақ болса да , ең бастысы бір сұрақ болды .
Құрсын мына келіншекпен әмпей жәмпейің бар ма десе не деймін .
Міне , мен үшін ең қиыны осы сұрақ еді . Мұндайда ас бата ма , сонда мен шәйді де тамақ ты да шұқып - шұқып қоя салдым . Менің мамамның бұрыннан әдеті бар , тамақ үстінде ұрыспайды . Ұрысу түгі сөйлемейді . Не айтса да тамақтан соң бет сипап барып айтады . Қысқасы , әңгімесін бастады .
- Анау Есейдің қаладан алған келіні бар ғой балам , аты кім еді соның есіме түспей тұр , - деп сұрады .
- Ия мам , айта беріңіз , тыныштық па ? , - дедім .
- Айтқанда сол келін бір түнде ұлын алып жоғалып кетіпті . Осы Есейдің баласынан туған ұлды . Ол аздай , Есейдің үйінде не бар , бәрін жымқырып кеткен деп жатыр . Қолға ілетіннің бәрін . Алтын , күміс ақша қалдырмай бәрін алған . Сөйтіпті де “ қалада жақсы көретін жігітім бар , мені іздемеңдер “ деп бір жігіттің көлігіне отырып тайып тұрыпты .
Әне балам көрдің бе , қазіргі қаланың қыздары қандай . Сен де ержеттің , жігіт боп қалдың . Есің болса қаланың қызына жолама . Маған анау Зылиханың қызын әкеп берсең болды , - дейді .
Сонда ғана уффф деп барып жүрегім орнына түскендей болды .
Айтқандай , ол қызды мен де танитынмын . Мамам айтып отырған Есейдің , Есен деген баласының келіншегі . Өзін орысша сөйлейтін қаланың қызы дейтін . Мына ауылдың күйбең тірлігіне көндікпеген шығар ? Бірақ , үйін тонап кеткені несі ? Ол заманда мұндай сұмдықты кім көрген ? Көру түгі естіген емеспіз ! Бұл заманның бұзылған тұсы . Қазір бестен бірдің келіні дүние мүлкін алып кетіп жатыр . Бұл өтірік емес қой .
Сонда мен ойланып отырғанымда , мамам маған :
- Есіңде болсын балам , қаланың қызына жоламай ақ қойшы , осы ауылдың қыздарының бірін құрықта . Жақсы келін әкеп берсең , өзім
( жалғасы видиода )
1 view
220
41
1 year ago 00:15:22 1
🐇 Қызықты хикаялар . Татар келін 4 - бөлім . Гаухар Пердеқұлқызы .