Соңғы 5 күнде 30-ға жуық мас жүргізуші ұсталды

Жуырда тәртіп сақшылары Қызылжар ауданындағы Асаново ауылының маңында “Mercedes“ маркалы көлікті тоқтатады. Тексеріс барысында темір тұлпар иесінің мас екендігі анықталды. Қасындағы жолаушылары да сондай күйде. 39 жастағы ер адам әрі мас, әрі көлік құралын басқару құқығы болмаса да рөлге отырған. Ауыл тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл факті “Мас жүргізуші“ жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Жалпы, 5 күн ішінде ішімдік ішіп алып рөлге отырған 30-ға жуық жүргізуші ұсталды.
Back to Top