Аягөз ауданында 50 жастағы тұрғын жұма намаз кезінде мешіттің ішкі тәртібін бұзды.

Аягөз ауданында 50 жастағы тұрғын жұма намаз кезінде мешіттің ішкі тәртібін бұзды. Ол әдеп сақтамай, “әмин” сөзін дауыстап айтқан көрінеді. Осылайша мешіттегі жамағаттың құлшылығына кедергі келтірген. Ғибадат ету тәртібін сақтамаған азамат сотта кінәсін мойындады. Тілге тиек етер жайт, 2016 жылы Ғұламалар кеңесі еліміздегі мешіттердің ішкі тәртібін бекіткен болатын. Ережеге сай құлшылық Ханафи мазхабына сай жасалады. Және намаздағы “әмин” дұғасы іштей айтылады.
Back to Top