Tel: whatsapp: 7 701 333 00 28; Сакен.
АМАН БОЛ.
Өмір шіркін тартып маған,
Азабы мен қайғысын.
Неге сүйдім, не үшін сүйдім,
Сол бір кезде мен сені.
Қайырмасы:
Сені ойласам,жанарыма
Жас келеді мөлдіреп,
Сені ойласам, қасіреттер төгілер.
Ұйықтай алмай жүрсің бе?- әлде
Жүрсің бе?- әлде ойланып.
Хат жазуға дәтің бармай,
Жүрсің бе?- әлде толғанып.
Қайырмасы:
Айдындағы аққуымсың,
Басымдағы бақ гүлімсің.
Күтші мені екі көктем,
Екі жылдай сүйгенім.
Ескі хаттар жатыр үйде,
Жатыр үйде сақталып.
Жаным кейде толғанамын
Толғанамын ақтарып.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең аман бол,
Саулығыңды тілеймін.
Саған айтар сертім сол,
Өзге жанды сүймеймін.