Шешенстанда қазақ балуаны қарсыласын 30 секунд ішінде нокаутқа жіберді.

Шешенстанда өткен Berkut Young Eagles 2: Grand Prix 2018 жарысында қазақ жігіті Еркін Дәрменов қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді. Жңіске жеткен ол турнирдің 1/8 финалын артта қалдырды. Аталған сайысқа үш бірдей қазақстандық қатысқанымен, олардың тек біреуі жеңіске жетті. Еркін Дәрменов “Беркут” клубының аралас жекпе-жек шебері Ахмед Магомедовті небәрі 30 секундта нокаутқа түсірді. Жерлесіміз Гран-при кезеңіне жолдама алды. Ал аталған жарысқа қатысқан екі жерлесіміз – Райымбек Орынбай мен Дмитрий Ермолаев қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Back to Top