Мағжан Жұмабаев туралы фильм

Қызылжарлық режиссерлар ақиық ақын Мағжан Жұмабаев туралы жаңа фильм түсіруді қолға алды. Туындыда Алаш ардақтысының азапты өмірі, шығармашылығы және махаббаты баяндалмақ. Режиссерлардың мақсаты биік, олар жаңа фильмді бірнеше тілге аударып, әлемдік аренаға шығармақшы. Мағжан туралы фильмнің түсірілімі бүгін басталды. Түсіру алаңында қызу қарбалас. Бір жарым сағаттық деректі фильм бас-аяғы он бес күнде түсірілмек.
Back to Top