Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін

Геннадий Головкин мен Стив Роллс арасындағы жекпе-жекке 3 күн қалды. Нью-Йоркте болатын бокс кешіне төрткүл дүние көз тігіп отыр. Күні кеше ғана көз арбасқан олар енді айқас алдында ашық аспан астында жаттығу өткізіп, жұрт алдында дайындықтарын тағы бір мәрте пысықтап алды. Головкинге сын сағатта қолдау көрсетуге жанкүйерлері жұмылған жұдырық болып кірісіп кетті. Олар түрлі тәсілдермен өздерінің ықыластарын білдіріп жатыр. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top