Тұлғалар туралы фильмнің тұсауы кесіліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Қазақстан оқу-ағарту саласының жарқын ғұламасы, еліміздің руханияты мен мәдениетіне зор үлес қосқан көрнекті ғалым, әдебиеттанушы Шамғали Сарыбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. ​Шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, дипломат, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) бас хатшысы Қайрат Сарыбай, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректоры Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Роза Рымбаева, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Шамғали Сарыбаевтың ұрпақтары жиналды.
Back to Top