Джина Хамдан «Дауыс» шоуына Ливанда тұратын әнші қыз бала Реми Бандали орындаған «Балалық шағымызды қайтарыңдар, бейбіт өмірді қайтарыңдар» атты жолдары бар әнді айтып шықты. Алайда дауысы өте әдемі Джина әннің екінші шумағын айта бастағанда, көз жасына ерік береді… Әннің сөзін ұмытқаннан, болмаса, ән ноталарына дауысы жетпегендіктен емес, өзі қатарлас қаншама сириялық сәбидің тағдыры ойына түсіп, жылады. Осылайша, қазылар алқасы мен залдағы халықты жылатты. Қара түндей тұнық көздерінен аққан жасты екі қолымен кезек-кезек сүрткен кіп-кішкентай қыз бүкіл әлемге «Біздің жазығымыз не?» деп тұрғандай…