Жаалытар

Жоғарғы палата депутаттарын жазда халық емес, Мәслихаттар таңдайды. Алматы, Астана және әр облыстан Сенаттағы жайлы орынға 2 депутаттан жайғасып, қалған 15 сенаторды президент өзі тағайындайды. • Ақтөбеде ашкөз директор парамен ұсталды. Ол гимназия асханасын жалға алған кәсіпкерден 300 мың теңге сұрапты. Парақор директор ол ақшаны есепшісі арқылы алып жатқанда ұсталды. Алайда жаңа басшысының шатылғанына ұжымы сенбей отыр. • Петропавлда жолақы бірден 15 теңгеге қымбаттап, қоғамдық көлікпен жүру құны 80 теңге болды. Бұдан 2 жыл бұрын да жанармайды желеу етіп, жолақыны көтерген автопарк иелері «ол да шығынды жаппады» деп, ақыры жергілікті билікті дегендеріне көндірген. Енді тағы 105 теңгеге көтермек ойлары бар екен. Тағы басқа жаңалықтарды сағат 20:30-да қарауға асығыңыздар!
Back to Top