Ақ көйлек. Орындайтын: Сапар, әні: Қанат Қалтай, өлеңі: Мерген Тоқсанбай
Ақ көйлек
әні: Қанат Қалтайдікі
өлеңі: Мерген Тоқсанбайдікі
Көктемнің нұрын,
Көк белдің гүлін,
Ұсынайын саған, жаным.
Еркем, елігім,
Еркеле, күнім,
Жақсы көрем жанымдай.
Шуақты таңдай,
Тәп-тәтті балдай,
Қылығыңа қана алмадым.
Көрмей қаншама ай,
Күтпей, аңсамай,
Қалай жүрсің сағынбай?!
Қ-СЫ:
Айдай көрікті ең,
Ойлай беріп мен,
Ауды ғой саған аңсарым!
Қонған бақ қой деп,
Киіп ақ көйлек,
Сақина тақсын саусағың!
2)Білегің қардай,
Жүрегің қандай,
Әп-әдемі ақ қайыңдай.
Күдей нұр төккен,
Жұпарың көктем,
Жайнап өскен жаның – гүл.
Күтуден талмай,
Жанарымды алмай,
Жолың күтіп таппайын жай.
Келерсің бір күн,
Көктемде мүмкін,
Сағындырсаң - сағындыр!