Қазақстан конституциясына – 25 жыл!

Қайта туып өмірге қайтап келдім. Жұбан Молдағалиевтің Мен Қазақпын өлеңінің дәл осы бір жолы біздің конституциямызды елестетеді. 93-те қабылданған ата заң 95-те қайта түледі. Еліміздің басты заңы 25 жылдан аса тарихында халықпен қаншалықты қауыша алды? Жұрт ата заңның баптарын түгелдей демесек те, негізгі тұстарын біле ме? Жалпы өз өміріне арқау ете ме? Мәселен бізде той немесе құдалық туралы заң бар ма? Оны қадағалайтын да орган жоқ, бірақ қазақ оның жоралғыларын мүлтіксіз орындайды. Өйткені ол бабаның қаны, даланың заңы. Орындамаса елге ұят, сүйекке таңба, ағайын арасына сызат. Осындай жазылмаған заңдар қоғамды қозғай білетін күш. Ал жазылған заңнан хабарамыз бар ма? Атадан қалған құндылықтар атазаңнан қаншалықты көрініс тапқан? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top