Тамерлан Матим. “Wunder Qazaqstan“. 4-бөлім.

Еліміздің кішкентай дарындарын халыққа таныстыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президент Қоры «Wunder Qazaqstan» атты интернет-жобасын жүзеге асырып келеді. Жалпы, 6 шығарылымнан тұратын бейнероликте Қазақстан вундеркиндтерінің күнделікті өмірі жайлы әңгімелейтін боламыз. Біз талантымен тек Қазақстанды емес, бүкіл әлемді бағындырып жүрген еліміздегі талантты жастардың көптігімен мақтанамыз! ⠀ ⚖Сіздердің назарларыңызға ұсынатын кезекті бейнероликтің басты кейіпкері – 8 жасынан бастап менталды арифметикамен айналысқан, республикалық және халықаралық дәрежедегі бірнеше жарыстардың жеңімпазы - Тамерлан Матим. ⠀ Жас дарын иесі алғашқы республикалық жарыста-ақ топ жарған. Одан кейін, Дубайдағы 154 мемлекет қатысқан халықаралық сайыста да бас жүлдені қанжығасына байлаған. Санаулы секундта есепті калькулятордан да жылдам ойша шығаруға үйрететін тәсілді жақсы меңгерген Тамерлан әлем бойынша осы әдіспен білім алып жатқан 5 млн баланың бірі. ⠀ 🥇Тамерланға әрқашан жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің абыройын асқақтата берсін дейм
Back to Top