Озектiлiгiн окiнiшке орай жогалтпаган олен жолдары... Сiзге калай асер еттi! Қарама қайшылық

Ақ-қараға толы өмір қаншама? Біреу жеткен, біреу жетпей зарлана. Семіздер бар, арықтау боп арманы. Жүдеулердің семіре алмай қойғаны. Үйлене алмай бойдақтар жүр қаншама? Біреулер бар, неке бұзған шамдана. Жұмыс іздеп, біреулер жүр сабылып. Біреулер жүр, бар жұмыстан жалығып. Біреулердің сəби сүю - арманы. Біреулер жүр, тастап кетіп баланы. Біреулер жүр, туыс таппай қамығып. Біреулер жүр, “туыс көп“, - деп жалығып. Біреу тегін сабағына бармай жүр. Біреу оқуға ақша төлеп қалмай жүр. Біреулер тұр, зəулім үйде бақытсыз. Ал біреулер тар күркеде алаңсыз. Мұның сыры қанағат пен шүкірде! “Анау жоқ!“ - деп, “мынау жоқ !“ - деп, өкінбе! Жоғалтқан соң, ішің удай ашиды! Бағалайық барымызды тіріде!
Back to Top