Коронавирус пандемиясы еліміздің ақсап тұрған салаларының олқылықтарын көрсетті. Әсіресе ауылды аймақтарда интернет желісі нашар екенін аңғартты. Пандемия заманауи ұстаздардың цифрлық сауаттылығына қалай әсер етті? Бүгін, 5 қараша сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналында онлайн жобасының негізін қалаушы Нартай Әшім Bilimland платформасының жұмысы туралы айтып береді.
Сондай-ақ спикер болашақта қандай мамандықтар сұранысқа көбірек ие болатыны туралы ойын бөліседі.
Нартай Әшім - мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған жобаның негізін қалаушы жетекшісі, Bilimland электрон білім беру платформасының жетекшісі, ғылым магистрі.