Трындарды йлерін су басуда

Елордадағы жұрт арасында “Лесозавод“ атап кеткен елді мекен көшелері көктем келісімен су астында қалды. Тау болып үйілген қар еріп, тұрғындардың үйлеріне кіріп жатыр. Тіпті, кейбір баспаналар құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Әкімдіктен қайран болмады деген әлеумет өз беттерінше қабырғалары сөгілген үйлерін жамап-жасқап әлекке түскен. Бірақ, сонда да атқамінерлер қол ұшын созбаса, үйіндінің астында қаламыз ба деп алаңдайды. Одан бөлек, өркениеттен қол үзіп қалған аудандағы көшелер қарапайым жарық пен қамтамасыз етілмепті. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top