Жамбыл Дүйсенов. “Wunder Qazaqstan“. 6-бөлім.

Еліміздің кішкентай дарындарын халыққа таныстыру мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры «Wunder Qazaqstan» атты интернет-жобасын жүзеге асырып келеді. Жалпы, 6 шығарылымнан тұратын бейнероликте Қазақстан вундеркиндтерінің күнделікті өмірі жайлы әңгімелейтін боламыз. Біз талантымен тек Қазақстанды емес, бүкіл әлемді бағындырып жүрген еліміздегі талантты жастардың көптігімен мақтанамыз! ⠀ Сіздердің назарларыңызға ұсынатын кезекті бейнероликтің басты кейіпкері – бірнеше мәрте республикалық байқаулардың жеңімпазы, елімізге танымал Бала Жамбыл – Жамбыл Дүйсенов. ⠀ Кішкентай Жамбыл өрнекті жырларымен елді тамсандырып жүрген жас талант. Ұлы Жамбыл Жабаев атасы сияқты бала Жамбыл өзінің ақындық дарынымен ерекшеленеді. ⠀ Бала Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасында ұйқас құрады. 6 жасында бірден мектептің 2-ші сыныбына барды. Бүгін Жамбыл мемлекеттік концерттерде өз өнерін көрсетумен қатар үздік оқушы болып табылады. Ұстаздары мен құрбыларының арасында өзінің жоғары адамдық қасиеттері мен табиғи дарынының арқасында үлкен
Back to Top